«СМУ» КеАҚ-та «Медицина» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтихандарының 3-кезеңі аяқталды

«СМУ» КеАҚ-та «Медицина» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтихандарының 3-кезеңі аяқталды

2026 жылғы 12 тамызда «Семей медицина университеті» КеАҚ-да «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантурасына түсу емтихандары аяқталды. «МУС» КеАҚ-қа 2026–2027 оқу жылына «Медицина» мамандығы бойынша докторантураға 9 орын бөлінді. Аталған орындарға 25 үміткер өтініш білдірді.

Түсу емтихандарының 3-кезеңін өткізу бойынша Басқарма төрағасы – Ректор А.А.Дюсуповтың 2026 жылғы 18 маусымдағы № 394 бұйрығына сәйкес емтихан комиссиясы төмендегідей құрамда жұмыс істеді:

Комиссия төрағасы: Дюсупов Алтай Ахметкалиевич – Басқарма төрағасы – Ректор.

Комиссия мүшелері:

  • Шабдарбаева Дария Муратовна – м.ғ.д., ғылым жөніндегі проректоры;
  • Пивина Людмила Михайловна – м.ғ.к., ҚР ЖҒҰА мүше-корреспонденті м.ғ.д., профессор Дюсупов А.З. атындағы шұғыл медицина кафедрасының профессоры;
  • Шаханова Айжан Тунгышхановна – PhD, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  • Алимбаева Алия Рахметуллиновна – м.ғ.к., Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  • Омаров Назарбек Бакытбекович – PhD, қауымдастырылған профессор, госпитальды хирургия кафедрасының меңгерушісі;
  • Аккалиев Мерхат Нтабекович – PhD, хиругиялық пәндер кафедрасының оқытушысы;
  • Масабаева Меруерт Равильевна – PhD, ғылыми-зерттеу зертханасы орталығының бас ғылыми қызметкері;
  • Маукаева Сауле Боранбаевна – м.ғ.к., профессор, жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының профессоры.

Емтихан комиссиясының хатшысы:

Исабекова Жанар Бакытжановна – екінші оқу жылының докторанты, жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының асситенті.

 

PhD докторантураға түсу емтихандарын өткізу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тәуелсіз бақылаушылар құрамына енгізілді: Ережепбаева Мадина Маратовна — құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің м.а. бастығы; Қанатұлы Мирас – медициналық білім беру сапасын бақылау бөлімінің бастығы.

 

Емтихандар штаттық режимде өтті, бақылаушылар тарапынан ескертулер болған жоқ.

«Медицина» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтихандарының нәтижелерін санаумен қорытындылар шығарылды.

«СМУ» КеАҚ PhD докторантура гранттарының иегерлерін құттықтаймыз!

Тіркелген құжаттар