«МУС» КеАҚ-та докторантураға түсу емтихандарының 3-кезеңі аяқталды

«МУС» КеАҚ-та докторантураға түсу емтихандарының 3-кезеңі аяқталды

2026 жылғы 13 тамызда «Семей медицина университеті» КеАҚ-да «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейіргер ісі ғылымы» мамандықтары бойынша PhD докторантурасына түсу емтихандары аяқталды.

«МУС» КеАҚ-қа 2026–2027 оқу жылына «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантураға 6 орын, ал «Мейіргер ісі ғылымы» мамандығы бойынша 1 орын бөлінді. Аталған орындарға тиісінше 27 және 3 үміткер өтініш білдірді.

Түсу емтихандарының 3-кезеңін өткізу бойынша Басқарма төрағасы – Ректор Дюсупов А.А.-ның 2026 жылғы 18 маусымдағы № 394 бұйрығына сәйкес емтихан комиссиясы төмендегідей құрамда жұмыс істеді:

Комиссия төрағасы:

Дюсупов Алтай Ахметкалиевич – м.ғ.д., профессор, Басқарма Төрағасы-

Ректор.

Комиссия мүшелері:

  • Берікұлы Думан – PhD, дипломнан кейінгі білім беру және ұйымдастыру

мәселелері жөніндегі проректоры;

Шалгумбаева Гульнар Металловна – PhD, жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

Байбусинова Асель Жанартасовна – PhD, эпидемиология және биостатистика кафедрасының меңгерушісінің м.а.;

Булегенов Толкын Алпысбаевич – м.ғ.д., госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры;

Кайратова Гульназ Кайратовна – PhD, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы;

Серикова-Есенгельдина Динара Сериковна – PhD, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы;

Жуманбаева Жанар Махмутовна – PhD, қауымдастырылған профессор, мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі;

Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна – м.ғ.к., профессор,  қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгеруішісі.

Емтихан комиссиясының хатшысы:

Оразаева Баян Болатқалиқызы – м.ғ.м., 2 оқу жылының докторанты, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқуытушысы.

PhD докторантураға түсу емтихандарын өткізу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тәуелсіз бақылаушылар құрамына: Ережепбаева Мадина Маратқызы – құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығының м.а.; Қанатұлы Мирас – медициналық білім сапасын бақылау бөлімінің басшысы енгізілді.

Емтихандар штаттық режимде өтті, бақылаушылар тарапынан ескертулер болған жоқ.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейіргер ғалымы» мамандықтары бойынша докторантураға түсу емтихандарының нәтижелерін санаумен қорытындылар шығарылды.

«СМУ» КеАҚ PhD докторантура гранттарының иегерлерін құттықтаймыз!

Тіркелген құжаттар