Қытайда тағылымдамадан өтуге арналған резиденттер арасындағы конкурс!

Қытайда тағылымдамадан өтуге арналған резиденттер арасындағы конкурс!

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытайдың Tianjin Medical University-де «Онкология», «Жақ-бет хирургиясы» және «Неврология» бағыттары бойынша тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Тағылымдаманың ұзақтығы – 2 апта.
Конкурсқа қатысуға тек «СМУ» КеАҚ-ның тиісті мамандықтары бойынша білім алып жатқан резиденттері өтінім бере алады.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін ағылшын тіліндегі CV-ді 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін smu.partnership@smu.edu.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз. CV-де міндетті түрде байланыс ақпаратыңызды, мамандығыңызды және оқу жылыңызды көрсету қажет.
Өтінім берген кандидаттар университеттің конкурстық комиссиясымен сұхбаттасудан өтеді.
Іріктеу критерийлері:
Негізгі критерийлер – ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру және жоғары мотивация.
Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне (306-кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.