Профессор Д.Р. Мусинов атындағы клиникалық онкология, радиология және ядролық медицина кафедрасы студенттерді Студенттік ғылыми үйірмеге (СҒҮ) қабылдауды бастайды!
Онкология, радиология және ядролық медицина салаларына қызығушылық танытатын студенттерді кафедраның СҒҮ командасына қосылуға шақырамыз.
Егер сіздің ғылыми-зерттеу жұмысында тәжірибеңіз немесе осы сала бойынша арнайы біліміңіз болмаса — алаңдамаңыз. СҒҮ — ғылыми қызметпен біртіндеп танысуға, кафедраның жұмыс бағыттары туралы көбірек білуге және басқа студенттермен бірге қызықты іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретін орта.
СҒҮ — бұл:
заманауи онкология, радиология және ядролық медицина туралы көбірек білу мүмкіндігі;
ғылыми-зерттеу жұмысының негіздерімен танысу;
қызықты тақырыптарды талқылау және білім алмасу;
кафедра ұйымдастыратын іс-шараларға қатысу;
жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, кәсіби бағытта даму мүмкіндігі.
Жаңа нәрсені үйренуге, білімін жетілдіруге және СҒҮ командасының бір бөлігі болуға ниетті барлық студенттерді қуана қарсы аламыз!
СҒҮ-ге қосылу және үйірме жұмысына қатысу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, СҒҮ жұмысына жауапты кафедра ассистенті Салықбаева Көркем Сағатбекқызына хабарласуға болады.
Байланыс телефоны: 8 775 133 25 33

