«Семей медицина университеті» КеАҚ резиденттерінің назарына!
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ресей Федерациясы, Томск қаласындағы Сібір мемлекеттік медицина университетінде «Хирургия» (5 орын), «Неврология» (3 орын) және «Терапия» (3 орын) мамандықтары бойынша резиденттерге тағылымдамадан өтуге арналған конкурс жарияланады.
Оқу мерзімі: 2026 жылғы қазан айы, тағылымдама ұзақтығы: 2 апта. Тұру ақысыз, тәуліктік шығындар мен жол жүру шығындары Университет қаражаты есебінен төленеді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін түйіндемеңізді (CV) орыс тілінде smu.partnership@smu.edu.kz электрондық поштасына 2026 жылғы 7 қыркүйекке дейін жіберуіңізді сұраймыз. Түйіндемеде міндетті түрде байланыс ақпараты көрсетілуі тиіс.
Өтінім берген кандидаттар Университеттің конкурстық комиссиясы деңгейінде сұхбаттасудан өтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне (бас корпус, 306-кабинет) хабарласуыңызды немесе 87075119335 нөмірі бойынша Балжан Алтынбекқызына жазуыңызды сұраймыз.

