Құрметті әріптестер, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!
«Семей медицина университеті» КеАҚ Жошы ұлысының (Алтын Орда) тарихи мұрасын және қазақ мемлекеттілігі дәстүрін насихаттау бойынша бекітілген медиажоспар сәйкес сіздерді «Ортағасырлық дала халқының антропологиясы мен денсаулығы» атты ғылыми дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Жошы ұлысы кезеңіндегі ортағасырлық Дала халқының антропологиялық ерекшеліктерін, медициналық білімі мен денсаулық сақтау тәжірибесін ғылыми тұрғыда талдау, сондай-ақ қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығын жастар арасында кеңінен насихаттау.
Дөңгелек үстелдің негізгі бағыттары:
Жошы ұлысы кезеңіндегі Еуразия далалықтарының антропологиялық құрылымы мен өзгерістері.
Ортағасырлық көшпелілердің медицинасы, халық емшілігі және гигиеналық дәстүрлері.
Жошы ұлысы мұрасының қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы тарихи маңызы.
Өткізілетін күні: 2026 жылғы 18 қыркүйек, сағат 14:00.
Өткізілетін орны: Үлкен конференция залы.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 071400, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі 103. «Семей медицина университеті» КеАҚ. Жалпы білім беру пәндер кафедрасы.
Дөңгелек үстелді өткізу сұрақтары бойынша координаторлар:
Садыкова Лиза Кадирхановна 87759801667;
Табулдинова Гульнур Нурлановна 87007492148.

