«Әлихан Бөкейхан Мұрасы – ұлт қазынасы» халықаралық олимпиада

«Әлихан Бөкейхан Мұрасы – ұлт қазынасы» халықаралық олимпиада

«Семей медицина университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жоғары және арнайы орта медициналық білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Әлихан Бөкейхан мұрасы – ұлт қазынасы» атты халықаралық олимпиада өткізеді.
Халықаралық олимпиада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы №914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Аппарат басшысының 2025 жылғы 17 наурыздағы №178 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын денсаулық сақтау жүйесінде дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде ұйымдастырылады.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси, ғылыми және ағартушылық мұрасын кеңінен насихаттау, білім алушылардың ұлттық тарих пен мәдениетке қызығушылығын арттыру, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ қазақ тілін кәсіби ортада қолдану дағдыларын жетілдіру.
Олимпиада туралы ақпарат
• Өткізу форматы: офлайн/онлайн.
• Өткізілетін күні: 2026 жылғы 23 қазан.
• Өткізу орны: «Семей медицина университеті» КеАҚ.
• Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі: 2026 жылғы 23 қазан.
Олимпиада жоғары және арнайы орта медициналық білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін тәжірибе алмасуға, танымдық белсенділікті арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және кәсіби ортада мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған маңызды алаң болады.
Жоғары және арнайы орта медициналық білім беру ұйымдарының білім алушыларын халықаралық олимпиадаға белсенді қатысуға шақырамыз!
Олимпиадаға қатысуға қатысты толық ақпарат Олимпиаданы өткізу ережесінде көрсетілген.

Құрметпен,
Жалпы білім беру пәндері кафедрасы,
Медициналық білім беру сапасын бақылау бөлімі