Санкт-Петербург қаласындағы ПОҚ академиялық ұтқырлығы

Санкт-Петербург қаласындағы ПОҚ академиялық ұтқырлығы

«Шетелдік академиялық ұтқырлықтың шығыс және кіріс бағдарламаларына қатысатын ПОҚ үлесі» индикаторын орындау мақсатында «СМУ» КеАҚ профессорлық-оқытушылық құрамы үшін Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінде шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау жарияланады. Конкурсқа клиникалық және теориялық кафедралардың қызметкерлері қатыса алады.
Тағылымдамадан өту мерзімі: 2 апта.
Орын саны: 15.
Тағылымдамадан өту кезеңі: қазан, қараша, желтоқсан (мамандыққа байланысты).
Қатысуға өтінім беру үшін кандидаттың түйіндемесін smu.partnership@smu.edu.kz электрондық поштасына 2026 жылғы 16 қыркүйектен кешіктірмей жіберуіңізді сұраймыз.