Семей медицина университетінде жаңа 2026–2027 оқу жылына арналған жиналыс өтті

Семей медицина университетінде жаңа 2026–2027 оқу жылына арналған жиналыс өтті

2026 жылғы 10 қыркүйекте «Семей медицина университеті» КеАҚ-да кафедралардың оқу жұмысына жауапты меңгеруші орынбасарларына арналған 2026–2027 оқу жылындағы білім беру процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне арналған жиналыс өтті.

Жиналысты академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Смаилова Жанаргүл Қайырғалиқызы құттықтау сөзімен ашты. Ол әріптестерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жемісті еңбек, кәсіби жетістіктер және білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы тиімді өзара іс-қимыл тіледі.

Жиын барысында Мектеп декандары университеттің жаңартылған академиялық саясатына енгізілген негізгі өзгерістер туралы ақпарат ұсынып, оның ішінде интегралды GPA көрсеткішін қалыптастыру және қолдану тәртібін, сондай-ақ оның білім алушылардың академиялық нәтижелерін бағалаудағы маңызын түсіндірді.

Сонымен қатар, Тіркеуші офисінің басшысы Intels ақпараттық жүйесінің жұмысына қатысты мәселелер бойынша ақпарат берді. Оқу бөлімінің басшысы жұмыс оқу жоспарларын (ЖОЖ) және жеке даму жоспарларын (ЖДЖ) өзектендіру, оқу жүктемесі мен жұмыс уақытын бөлу, сондай-ақ оқу процесін мониторингілеу мәселелерін таныстырды.

Медициналық білім беру сапасын бақылау бөлімінің басшысы 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі жұмыс бағыттарын таныстырды. Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету және мониторингілеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, білім алушылар арасында сауалнама жүргізу, кері байланыс нәтижелерін талдау, оқу және ашық сабақтарға жүйелі түрде қатысу, сондай-ақ білім беру қызметін ақпараттық сүйемелдеуге және заманауи медиаресурстарды дамытуға бағытталған «SMU MediaLab» жобасын одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды.

Тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша баяндама жасады. Кураторлардың жұмысына ерекше назар аударылып, кураторлық жұмыс жүйелі, мазмұнды және белгіленген талаптарға сәйкес, студенттердің қажеттіліктері мен олардың оқу-тәрбие процесіне тартылу деңгейін ескере отырып ұйымдастырылуы қажеттігі атап өтілді.

Соңында техникалық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды.

Қорытындылай келе 2026–2027 оқу жылында білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған негізгі жұмыс бағыттары мен басым міндеттер айқындалды.

Жүйелі жұмыс, тиімді өзара іс-қимыл және бірыңғай тәсіл — білім беру процесін сапалы ұйымдастырудың негізі.

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар