2026 жылғы 14 қыркүйекте резиденттер арасынан Tianjin Medical University (Тяньцзинь қ., Қытай) университетінде екі апталық тағылымдамадан өтуге үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Конкурсқа 14 үміткер қатысты..
Кандидаттармен өткізілген сұхбат нәтижелері және бағалау критерийлері негізінде конкурс жеңімпаздары анықталды:
Есен Ақерке Жарасқызы, «Онкология» мамандығы;
Төлеуқан Әкежан Нұрланұлы, «Анестезиология» мамандығы;
Нурбаев Аслан Алтаевич, «Анестезиология» мамандығы;
Акшанашев Искандер Расулович, «Метаболикалық аурулар» мамандығы;
Болатқызы Айдана, «Метаболикалық аурулар» мамандығы;
Елеусіз Диас Серікұлы, «Онкология» мамандығы.
Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және оларға сәтті академиялық сапар мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!

