Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына белсенді қатысуға шақырады!
Марафонның негізгі мақсаты – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, азаматтардың сыни және аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ еліміздің интеллектуалдық әлеуеті мен адами капиталын нығайту.
Кімдер қатыса алады?
Семей медицина университетінің студенттері «Кітап оқитын университет», ал оқытушылар «Кітап оқитын зиялы» бағыты бойынша қатыса алады. Марафон қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өткізіледі.
Қалай қатысуға болады?
reading-nation.kz ресми сайтына кіріңіз.
«Тіркелу» бөлімі арқылы өзіңізге сәйкес бағытты таңдаңыз.
Жеке мәліметтерді енгізіп, тіркеуден өтіңіз.
Қатысу тілін — қазақ немесе орыс тілін таңдаңыз.
Ұсынылған әдебиеттер тізімімен танысып, марафонға қатысуды бастаңыз.
Оқыған кітаптарыңыз бойынша жеке кабинетте пікірлеріңізді жариялап отырыңыз.
Марафонның негізгі кезеңдері
27 қыркүйек 2026 жыл
Қатысушыларды тіркеу және марафонның басталуы.
Қыркүйек 2026 – наурыз 2027 жыл
Негізгі оқу кезеңі. Қатысушылар арнайы іріктелген әдебиеттер тізімінен 15 кітап оқиды және жеке кабинетінде кітаптар туралы пікірлерін жариялайды
Наурыз – сәуір 2027 жыл
Қорытынды кезең: тестілеу, зияткерлік викториналар және байқау кезеңдері өткізіледі.
Қатысушыларды не күтеді?
Марафон қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады. Өңірлік кезеңдердің жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар қарастырылған. Финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
Кітап оқуға уақыт бөлейік!
Білімімізді арттырып, ой-өрісімізді кеңейтейік!
«Кітап оқитын ұлт» марафонына бірге қатысайық!

