Экстремизм мен терроризмнің алдын алу — қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу — қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі

М.ғ.д. профессор Тапбергенов С. О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Амантаева Г. Д. 204 «Стоматология» тобының студенттерімен «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу – тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі түсініктерін кеңейту, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Кураторлық сағат барысында экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері, олардың алдын алу жолдары және ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы талқыланды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа белсенді қатысты.

Жарияланды: