М.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимиялық және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, 204-топтың кураторы Амантаева Г. Д. стоматология факультетінің 204-топ студенттерімен «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жастарды өзара сыйластыққа, жауапкершілікке және отбасына деген құрметке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында студенттер отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы тәрбие, өзара түсіністік пен қолдаудың маңызы туралы пікір алмасты. Студенттер белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.

