Қауіпсіз орта өзімізден басталады: терроризм мен экстремизмнің алдын алу

Қауіпсіз орта өзімізден басталады: терроризм мен экстремизмнің алдын алу

2026 жылғы 30 қыркүйекте «Урология» пәнінде «Хирургия» мамандығының 603-интерндер тобымен тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара терроризм мен экстремизмнің алдын алуға арналды. Кездесу барысында деструктивті идеяларға қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік, әлеуметтік желілердегі ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері талқыланды.

Болашақ медицина мамандарында жауапты азаматтық ұстаным, толеранттылық және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз