«СМУ» КеАҚ госпиталды хирургия кафедрасында 607 және 608 топ интерн-хирургтарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы — болашақ дәрігердің құқықтары, бостандықтары мен жауапкершілігінің негізі» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді. Топ кураторлары: MD, PhD, қауымдастырылған профессорлар Әуенов М.Ә. және Абдрахманов С.Т.
Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты — интерндердің Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімдерін тереңдету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының маңызын түсіндіру, сондай-ақ болашақ дәрігерлердің кәсіби қызметіндегі құқықтық және моральдық жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының еліміздің қоғамдық және құқықтық өміріндегі рөлі, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары талқыланды. Сонымен қатар медициналық қызметкердің кәсіби міндеттері, пациенттердің құқықтарын сақтау, дәрігердің жауапкершілігі және медициналық әдеп қағидаларына ерекше назар аударылды.
Интерндер тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, болашақ дәрігер үшін құқықтық сауаттылықтың, кәсіби этиканың және жоғары жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Кураторлық сағатқа қатысқан м.ғ.д., профессор Аймағамбетов М.Ж. және кафедра меңгерушісі, MD, PhD, қауымдастырылған профессор Омаров Н.Б. өз пікірлерін білдіріп, интерн-хирургтарға жылы лебіздерін жеткізді. Болашақ дәрігерлерге кәсіби білімдерін үнемі жетілдіріп, адам өмірі мен денсаулығына деген жоғары жауапкершілікті сезінуге, медициналық әдеп пен деонтология қағидаларын сақтауға, өз мамандығына адал әрі білікті маман болуға тілектерін білдірді.

