«Жұқпалы аурулардың алдын алу» студенттік клубының жұмысы жалғасуда

Күз мезгілінде ауа температурасының төмендеуі, жаңбыр мен ылғалдылық респираторлық вирустардың таралуына қолайлы жағдай туғызып, тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) таралу қаупін арттырады. Осыған байланысты 2026 жылғы 20 қазанда шетелдік студенттерге арналған «Жұқпалы аурулардың алдын алу» атты студенттік клубтың кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу мәселелері талқыланды. 5446 ЖМ тобының…

Кусаинова А.А.-ның ғылыми атақ беру үшін құжаттар ұсынуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №128 «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі №435 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, «Семей медицина университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер — «Семей медицина…

«Семей Медицина Университеті» КеАҚ профессорларының Бұхарадағы академиялық сапары

2026 жылғы 12–16 қазан аралығында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Семей Медицина Университеті» КеАҚ профессорлары Өзбекстандағы Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтына барды. Делегация құрамында ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Оразалина Айнаш Сапарқызы және Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер…

«Семей Медицина Университеті» КеАҚ профессорлары Бұхарадағы форумда тәжірибе бөлісті

2026 жылғы 15–16 қазанда «Семей медицина университеті» КеАҚ делегациясы Өзбекстанның Бұхара қаласында өткен «Биология мен медицинаның интеграциясы: білім беру, инновациялар және жасанды интеллект перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Ауқымды академиялық іс-шара Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының базасында ұйымдастырылып, оған жақын және алыс шетелдердің жетекші ғалымдары, клиницистер мен білім беру саласының…

Білім алушылар арасында терроризм, экстремизмнің алдын алу тақырыбында кураторлық сағат өткізілді

2026 жылғы 19 қазанда Қоғамдық денсаулық кафедрасында «Стоматология» мамандығының 215 тобының кураторы Мухамеджанова А.Ш. «Білім алушылар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Білім алушылардың қырағылығын арттыруға, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға және олардың заңға қайшы…