«Жас педиатрлар додасы» педиатрия мамандығы бойынша интерндер арасындағы олимпиада

«Жас педиатрлар додасы» педиатрия мамандығы бойынша интерндер арасындағы олимпиада

ҚҰРМЕТТІ «ПЕДИАТРИЯ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ ИНТЕРНДЕРІ!

Сіздерді Педиатр күніне орай ұйымдастырылатын «Жас педиатрлар додасы» университетішілік пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз!

Іс-шараны ұйымдастырушы — «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның, м.ғ.к., доцент Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасы.

Олимпиада төрт конкурстық тапсырмадан тұрады:

I кезең — «Команданың бейнетаныстырылымы» — команданы, оның кәсіби құндылықтарын және педиатрия мамандығын таңдау себептерін таныстыру;
II кезең — «Квиз» — университет пен педиатрия кафедрасының тарихы бойынша білімдерін тексеру;
III кезең — «Клиникалық жағдай» — клиникалық ойлау қабілетін, диагностикалық дағдыларын және пациентті жүргізу тактикасын таңдау білігін көрсету;
Практикалық тапсырма — «Қауіпсіздік кодтары бойынша сахналау» — шұғыл және ықтимал қауіпті жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін, командалық өзара іс-қимылды және пациент қауіпсіздігі қағидаларын сақтау дағдыларын көрсету.
Олимпиадаға «Педиатрия» мамандығы бойынша 601, 602 және 603 топтарының интерндері қатысады. Әр команда 5 адамнан тұрады.

Өткізілетін күні: 20 қараша 2026ж.

Уақыты: сағат 10:00.

Өткізілетін орны: «СМУ» КеАҚ УГ, ЖБХ корпусының акт залы.

«Үздік бейнетаныстырылым» номинациясына қатысу үшін бейнероликті кафедраның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына 2026 жылғы 10 қарашадан кешіктірмей жариялау қажет.

Баршаңызды командаларға қолдау көрсетіп, ұнаған бейнероликке дауыс беруге шақырамыз!

Кафедраның Instagram парақшасы:
https://www.instagram.com/kafedra_pediatrii_mus

Сіздің дауысыңыз — болашақ педиатрлардың шығармашылығына, бастамашылдығына және кәсіби қалыптасуына көрсетілген қолдау!

Барлық қатысушыларға сәттілік пен жарқын өнер көрсетуді тілейміз!

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар