The 27th China Annual Conference & Expo for International Education

The 27th China Annual Conference & Expo for International Education

2026 жылғы 27–31 қазан аралығында «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы–Ректоры А.А. Дюсуповтың жетекшілігімен, сондай-ақ ӘЖ және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.У. Нұртазина мен Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы Б. Коленованың қатысуымен университет делегациясы Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өткен «The 27th China Annual Conference & Expo for International Education» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты. Конференция Қытайдың халықаралық білім беру алмасу қауымдастығы (China Education Association for International Exchange – CАСIE) ұйымдастыруымен өткізілді.

Аталған сапар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығы мен CАСIE арасындағы уағдаластық шеңберінде жүзеге асырылды. Бұл ретте қазақстандық делегация конференцияға алғаш рет қатысты.

Конференция аясында «Семей медицина университеті» КеАҚ делегациясы бірқатар сессиялардың жұмысына қатысып, Қытайдың жетекші екі медициналық жоғары оқу орны – Peking Union Medical University және Tianjin Medical University өкілдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Аталған университеттер QS пәндік рейтингісінің «Медицина» бағыты бойынша тиісінше 50–100 және 601–650 орындар аралығында орналасқан.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі университетпен де бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықты жолға қою жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз