2026 жылғы 3 қарашада «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында Абай облысы халқының денсаулығын сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, клиникалық практиканы жетілдіруге және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған Клиникалық комитеттің кезекті отырысы өтті.
Клиникалық комитет медициналық білім беру мен практикалық денсаулық сақтау өкілдерін біріктіретін, саланың өзекті мәселелерін талқылауға, кәсіби тәжірибе алмасуға, диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдерін, сондай-ақ медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға арналған маңызды кәсіби алаң болып табылады.
Отырыс аясында медициналық қызметтің қауіпсіздігі және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу мен емдеудің заманауи тәсілдеріне арналған екі баяндама ұсынылды.
Бірінші баяндама – «Медициналық инцидент».
Баяндамашы: Оразғалиева Меруерт Тасболатовна – «СМУ» КеАҚ анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының магистрі, жоғары санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог, денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Баяндамада медициналық инциденттерге қатысты мәселелер, оларды анықтау, талдау және алдын алу жолдары, сондай-ақ медициналық практикада туындайтын жағдайларға уақтылы ден қоюдың маңыздылығы қарастырылды. Пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық көмектің сапасын ішкі бақылау үдерістерін жетілдіру және медициналық инциденттердің қайталануын болдырмауға бағытталған тәсілдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Екінші баяндама – «Гиполипидемиялық терапияны ұтымды қолдану».
Баяндамашы:Төлеутаева Райхан Есенжановна – «СМУ» КеАҚ медицина ғылымдарының докторы, профессор М. Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының меңгерушісі.
Баяндама барысында гиполипидемиялық терапияның заманауи тәсілдері, оның жүрек-қантамыр асқынуларының алдын алудағы және атеросклероздық аурулардың даму қаупін төмендетудегі рөлі баяндалды. Дәрілік заттарды ұтымды таңдау, терапияны әр пациентке жеке бейімдеу және липидтік алмасуы бұзылған пациенттерді жүргізу кезінде қолданыстағы клиникалық ұсынымдарды сақтау мәселелері қарастырылды.
Ұсынылған тақырыптар медициналық қызметкерлердің күнделікті кәсіби қызметіндегі маңызды бағыттарды қамтуына байланысты ерекше қызығушылық тудырды. Атап айтқанда, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық көмектің сапасын арттыру, асқынулардың алдын алу және емдеудің ғылыми негізделген заманауи тәсілдерін қолдану мәселелері қозғалды.
Отырысты ұйымдастырушылар: «СМУ» КеАҚ клиника бөлімі, «СМУ» КеАҚ анестезиология және реаниматология кафедрасы, сондай-ақ «СМУ» КеАҚ медицина ғылымдарының докторы, профессор М. Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасы.
Іс-шараға Семей қаласының медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері мен «СМУ» КеАҚ профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Өңірдің медициналық қоғамдастығының кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Абай облысының аудандық медициналық ұйымдарының өкілдері Zoom платформасы арқылы бейнеконференция форматында қосылды.
Клиникалық комитет отырыстарын өткізу медициналық университет пен практикалық денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби диалог орнатуға және озық клиникалық тәжірибені таратуға ықпал етеді.
Мұндай іс-шаралар университет пен өңірдің медициналық ұйымдарының ғылыми және практикалық әлеуетін біріктіруге, заманауи тәсілдерді күнделікті клиникалық практикаға енгізуге және Абай облысы халқына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

