Жүректерді жақындастырған кино: эмоциялық әл-ауқатқа бастар жол

Жүректерді жақындастырған кино: эмоциялық әл-ауқатқа бастар жол

Мәдени-тәрбие жұмысы аясында куратор Ракымгазиева А. С. 3619 топтарының студенттерімен бірге қазақстандық «Жарығым-ай» драмасын тамашалады.Фильм әке мен қыздың қарым-қатынасын баяндай отырып, сенім, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік таңдау мәселелерін көтереді. Туынды көрермендерге отбасының, өзара түсіністіктің, шынайы қарым-қатынас пен жақын адамдарды қолдаудың маңызын көрсетті.Фильм көрсетілімінен кейін студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, туындының негізгі идеясын талқылады. Кинотеатрға бірге бару мәдени демалыс қана емес, сонымен қатар өмірлік құндылықтар мен қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік туралы ойлануға мүмкіндік берді.Іс-шара № 3 Тұрақты даму мақсаты — «Денсаулық және әл-ауқатпен» байланысты. Себебі сенімді қарым-қатынас, жақын адамдардың қолдауы және ұжымдағы жағымды ахуал адамның эмоциялық және психологиялық әл-ауқатына оң әсер етеді.Осындай іс-шаралар студенттердің рухани-адамгершілік дамуына ықпал етіп, достық қарым-қатынасты нығайтады және ұжымда жағымды атмосфера қалыптастырады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз