Көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік ерікті көмек беру

Көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік ерікті көмек беру

«СМУ» КеАҚ-ның стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының қызметкерлері, атап айтқанда, доцент Хайдарова Н.Б., ассистенттер Нұрғожина М.Е., Уразгулова Н.К., Бекенова П.А., Султанова И.Ю. 402, 403, 404 және 406 топ студенттерімен бірлесе отырып, көмекке мұқтаж көпбалалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Аталған бастама аясында оқытушылар мен студенттер отбасыға алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық химия заттарын жеткізді. Көрсетілген көмекке орай іс-шараға қатысушылар отбасы мүшелерінен шынайы алғыс пен ризашылық сөздерін естіп, оң пікірлерге ие болды. Ерікті жобаларға қатысу тек көмек алушыларға ғана емес, сонымен қатар еріктілердің өздеріне де үлкен пайдасын тигізеді. Мұндай игі істер олардың бойында жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Волонтерлік жұмыс