«Студенттердің экологиялық қарым-қатынасы» кураторлық сағат

«Студенттердің экологиялық қарым-қатынасы» кураторлық сағат

Білім алушылар арасындағы, сондай-ақ білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы арасындағы жанжалдық жағдайлардың алдын алу, өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру және қолайлы психологиялық ахуал орнату мақсатында «МУС» КЕАҚ-та тәрбие жұмыстары жүргізілуде.

Онкология, радиология және ядролық медицина кафедрасының ассистенті Раисов Данияр Толегенович кураторлық топпен бірлесіп, «Студенттердің экологиялық қарым-қатынасы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Іс-шара барысында қарым-қатынас мәдениеті, бір-біріне құрметпен қарау, даулы жағдайларды сындарлы түрде шешу, сондай-ақ білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы арасындағы жанжалдардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар білім алушыларға Ішкі тәртіп ережелері мен Білім алушылардың этика кодексі қайта түсіндірілді. Студенттерге мінез-құлық нормаларын сақтау, академиялық мәдениетті ұстану, өзара құрмет пен жеке жауапкершіліктің маңыздылығы ескертілді.

Кураторлық сағат барысында қатысушылар ізгі қарым-қатынастың, толеранттылықтың, сұхбаттасушыны тыңдай білудің және білім беру ортасында жағымды атмосфера қалыптастырудың маңыздылығын талқылады.

Осындай іс-шараларды өткізу студенттер арасында өзара түсіністікті нығайтуға, қарым-қатынас мәдениетін арттыруға және жанжалдық жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.

Экологиялық қарым-қатынас — өзара түсіністік пен сыйластықтың негізі!

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар