«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»: Мемлекет басшысының Жолдауы

«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»: Мемлекет басшысының Жолдауы

4 қараша күні Жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Медицина» және «Педиатрия» мамандықтарының 1-курс студенттеріне арналған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге арналған ақпараттық-ағартушылық дәріс өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы белгілеп берген стратегиялық бағыттарды жастар арасында кеңінен насихаттау, студенттердің саяси-құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыру, сондай-ақ ел дамуының жаңа кезеңіндегі жастардың ролі мен міндеттерін айқындап түсіндіру болып табылады.

Дәріс барысында кафедра оқытушысы Джакипова Танакөз Уалкановна мен аға оқытушы Рахимова Асем Мергалымовна баяндама жасап, Жолдауда көтерілген негізгі басымдықтарға жан-жақты тоқталды. Оқытушылар елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар, білім беру мен денсаулық сақтау саласын модернизациялау, сонымен қатар жас мамандарға қойылатын жаңа заман талаптары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Шара барысында студенттерге Жолдаудың басты идеяларын visual түрінде жеткізетін ақпараттық презентациялар ұсынылып, ел болашағын өркендетудегі жас дәрігерлердің жауапкершілігі сөз болды.

Жиынды қорытындылай келе, оқытушылар елдің ертеңі білімді де білікті жастардың қолында екенін атап өтіп, студенттерді сапалы білім алуға, адал еңбек етуге және мемлекеттің дамуына өзіндік үлес қосуға шақырды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз