РЕЗИДЕНТУРА 2026: ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

ҚҰРМЕТТІ РЕЗИДЕНТУРАҒА ТҮСУШІ КАНДИДАТТАР! Республикалық бюджет қаражаты есебінен түсушілер үшін: 10.08.2026 сағат 18:00-ге дейін — «Қаралуда» және «Толықтыруды қажет етеді» мәртебесіндегі барлық өтініштерді өңдеу. 11.08.2026 сағат 13:00-ге дейін — нәтижелерді алдын ала ранжирлеу, жалпы тізімді сайтта жариялау. 12.08.2026 сағат 13:00-ге дейін — апелляцияға өтініштер қабылдау. 13.08.2026 – 14.08.2026 сағат 12:00-ге дейін — өтініштерді Республикалық апелляциялық…

«Ядролық сынақтардың салдары – планетарлық денсаулыққа төнген сын-қатерлер» тақырыбындағы ашық дәріс

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 3 тамыз күні Үлкен конференц-залда «Ядролық сынақтардың салдары – планетарлық денсаулыққа төнген сын-қатерлер» тақырыбында ашық дәріс өткізілді. Дәрісті стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Алма Нұртазина оқыды. Іс-шараға университеттің әкімшілік-басқару персоналының өкілдері қатысты. Дәріс барысында ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді салдары…

ЦУР 6-ны жүзеге асыру аясындағы экологиялық жобаның басталуы

Семей қ. Жалпы дәрігерлік практика кафедрасы Семей қ. жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дюсупова Ажар Ахметқалиқызының жетекшілігімен экологиялық бастамалардың жаңа жобасын іске асыруға кірісті. Бұл жоба БҰҰ-ның № 6 Тұрақты даму мақсатын (6-ТДМ) — «Барша үшін су ресурстарының қолжетімділігі мен ұтымды пайдаланылуын және санитарияны қамтамасыз етуді» қолдауға бағытталған. Бастаманың негізгі міндеттері: Мақсатты өңірдегі…

Денсаулық пен әл-ауқатты қолдауға бағытталған Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 4, 10) іске асыру

Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасы өз қызметінде кәсіби міндеттерін орындаумен қатар Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру қағидаттарын басшылыққа алады. Дене белсенділігі мен спорт адам денсаулығын жан-жақты қолдауда, өмір бойы қимыл-қозғалыс қызметін сақтауда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты халық арасында, әсіресе жастар ортасында спортты насихаттау созылмалы аурулардың дамуының алдын алуға бағытталған маңызды профилактикалық шара болып…