«ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА АТА ЗАҢ»

2026 жылы 5 наурызда «Семей медицина университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының госпиталды хирургия кафедрасында «Жаңа дәуірдегі Қазақстан – жаңа Ата заң» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел отырысы өтті. Шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің 15 наурыз 2026 жылы еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізуге қатысты Жарлығын қолдайтынын білдіріп, бұл бастаманың мемлекет дамуы үшін…

Семей қаласының №7 мектеп-лицейінде кәсіби бағдар беру жұмысы

«Семей медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясының әдіскерлері Қайгельдинова С.А. және Бекежанова А.Б. Семей қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің бітіруші сыныптарының ата-аналар жиналысына қатысты. Кездесу аясында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізіліп, оның барысында ата-аналарға университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары, қабылдау ережелері, әскери кафедра, сондай-ақ мемлекеттік білім беру гранттары және жергілікті атқарушы органдар…

Шаңырақ күні кафедрада!

Шаңырақ күні Қазақстанда 17 наурызда «Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында атап өтіледі. Бұл күн отбасылық құндылықтарға, үйдегі жылылық пен бірлікке арналады. Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында бұл күн 40 жыл бірге өмір сүрген отбасылық жұп — Шаймарданов Н.К. пен Султанова Н.К.-ны құрметтеумен атап өтілді. Отбасылық жұпқа бірін-бірі қаншалықты жақсы білетінін тексеру мақсатында түрлі сұрақтар ойын…

Ұлттық костюм күні

Ұлттық костюм күні аясында студенттермен кездесу өткізілді. Ұлттық костюм-халықтың дәстүрлерін, өмір салтын және дүниетанымын бейнелейтін мәдени мұраның маңызды бөлігі. Мұндай іс-шаралар мәдениетті құрметтеуді қалыптастыруға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және жастардың бойында рухани құндылықтарды тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында «Ұлттық киім күні» атап өтілді

Семей медицина университетінің Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында айтулы мереке – Ұлттық киім күніне орай салтанатты кураторлық сағат өтті. Шараны кафедра оқытушылары Аманғалиева Г.М., Рақымғазиева А.С., Килыбаева А.Т. ұйымдастырып, оған 3617, 3129, 3307 топтарының студенттері қатысты. 🔹 Шараның басты мақсаты: Болашақ дәрігерлердің бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдениет аралық байланысты нығайту және клиникалық этика мен эстетиканы ұштастыру.…