«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Медициналық биофизика» бойынша университетішілік пәнаралық олимпиада

2022 жылдың 17 мамырында «СМУ» КеАҚ Медицинадағы IT кафедрасының ұйымдастыруымен «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттері арасында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Медициналық биофизика» бойынша университетішілік пәнаралық олимпиада өтті. Олимпиада дарынды студенттерге қолдау көрсететін факторлардың бірі болып табылатын болашақ медицина мамандарының арнайы кәсіби қабілеттерін анықтау және дамыту мақсатында студенттік олимпиадалар аясында өткізілді. Шара кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. И.С. Мусатаеваның,…

Қазақтың атақты билері. Төле би.

           2022жылдың 17 мамыр айында КеАҚ «СМУ» гистология кафедрасында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қазақтың атақты билері. Толе би» тақырыбы бойынша жалпы медицина факультетінің 2209, 2215, 2218 кураторлық топтарымен  кураторлық сағат өткізіліп, талқыланды. Төле бидің өмірбаяны, қазақ қоғамы үшін сіңірген енбектері туралы мәліметтерді 2215 топ студенті Мендібаева Нұрсұлу баяндады. Қазақ халқының билері – ерте заманда осы…

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай

ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрамызда Ұлы Жеңістің 77жылдығына орай стоматология мамандығының топтарымен тәрбие сағаты өткізілді.Студенттер Ұлы Отан соғысы туралы, елін жаудан қорғап қалған ержүрек отандастарымыз туралы  бейнежазбаларды тамашалап, ата – бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі – өнеге тұту жайында ой талқылады.Тәрбие сағатының мақсаты:  жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін…

ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ КАФЕДРАСЫНДА «9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІ» ТАҚЫРЫБЫНА ТӘРБИЕЛІК САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ

«Семей медицина университеті» КеАҚ Өскемен қаласының филиалында 2022 жылдың 6 мамыр күні жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ассистенті Рамазанова Алмаш Даукеновнаның басшылығымен 737 және 738-ші ЖТД интерндер тобымен «9 мамыр – жеңіс күні» атты тақырыбында тәрбиелік сағат өткізілді. Арнайы дайындалған презентациялар көрсетілді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның…

М. МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

Осы аптада медицинадағы IT оқытушы куратор А.Б. Букатаеваның ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы университет мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Мұражайға келудің мақсаты шетел топтарының студенттерін қазақ қызы Ұлы Отан соғысының батыры Мәншук Мәметовамен таныстыру болды. Саяхат барысында студенттер соғысқа қатысқан батырлармен, олардың жәдігерлерімен және куәліктерімен таныса алды. Сондай-ақ, Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының батырлары туралы ағылшын тіліндегі бейне…