Қазақстанның морфология саласындағы көрнекті ғалымы және оқытушысымен кезігу

08.04.2022 жылы Университетіміздің профессор Н.А.Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының ұйымдастыруы-мен кафедра жоспарына сай, Қазақстанның медицинасы мен ғылымына еңбегі сіңген, медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰА іргелі және қолданбалы медицинасының академигі Алмабаев Ыдырыс Алмабайұлымен кездесу өткізілді. Бұл кездесуге Анатомия кафедрасы мен профессор Н.А.Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының ПОҚ мен студенттері қатысты. Ыдырыс…

«Уқалаудың жалпы негіздері және адам ағзасына әсері» атты Мастер класс

«Күміс университеті» жобасы аясында 2022 жылдың, сәуір айының 7 күні «Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі Байзолдина Ж.С. «Уқалаудың жалпы негіздері және адам ағзасына әсері» атты мастер класс өткізді. Мастер-класс тақырыбының мақсаты күміс тыңдаушыларына уқалаудың адам ағзасына емдік әсері туралы ақпарат беру. Жалпы мастер класс 2 кезеңнен өткізілді: 1кезең – теориялық бөлім. Бұл бөлімде…

Қош келдің, әз Наурыз!

22 наурызда Семейдің бас алаңында көптен күткен көктем мерекесі – Наурыз мейрамын салтанатты түрде мерекелеу өтті! Ауқымды мерекелік іс-шараға «СМУ» КеАҚ шығармашылық ұжымдары да қатысты. Мереке құрметіне киіз үй қалашығы, оның ішінде біздің университеттен де арнайы жасақталды! Наурыз мейрамы – ежелгі дәуірден бастау алатын миллиондаған қазақстандықтардың сүйікті мерекесі. Бұл жаңа бастаманы, табиғаттың салтанатын, көктем мен…

«Фитотерапия — денсаулықтың табиғи кілті» атты дәріс

«Күміс университеті» жобасы аясында 2022 жылдың, наурыз айының 16 күні «Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті, м.ғ.м. – Қабдолданова Б.А. «Фитотерапия — денсаулықтың табиғи кілті» атты дәріс өткізді. Дәріс тақырыбының мақсаты  – дәрілік өсімдік препараттарымен емделу кезеңі мен дәрілік өсімдік препараттарының артықшылықтарын анықтау, көрсету. Фитотерапия – ежелгі медициналық ғылымдардың бірі. Грек тілінен аударғанда шөптермен емдеу дегенді білдіреді.…

Қош келдің, Әз- Наурыз!

2022 жылдың Наурыз айының 18-і күні университет оқу залында, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, 1 курстың  шетел студенттері арасында Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің,  Әз- Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: шетел студенттерін Қазақстан Наурыз мерекесінің тарихымен таныстыру және қазіргі таңда Наурыз мерекесінің қалай аталып өтетіні жөнінде мәліметтер беру. Іс- шара барысында студенттер өз елдерінде Наурыз…