Балалар – біздің болашағымыз!

2022 жылдың 31 мамырында жалпы дәрігерлік практика кафедрасында “Балалар – біздің болашағымыз” тақырыбында 726 ЖДТ топ интерндерінің қатысуымен талқылау өткізілді. Кездесу барысында жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ассистенті Жақсылықова Айнұр Жұмашкенқызы сөз сөйледі. Интерндер тақырыпты белсенді және эмоционалды түрде талқылап, болашаққа деген өз пікірлері мен ұстанымдарын білдірді, өйткені балалар – бұл біздің үміттерімізді жүзеге асыру, біз…

Парламент Мәжілісі депутатының «СМУ» КеАҚ ұжымымен кездесуі

2 маусымда «Семей медицина университеті» КеАҚ–ға жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Амерхан Рахымжанов келді. Сондай-ақ, кездесуге Семей қаласы бойынша «Аmanat» партиясының атқарушы хатшысы Қайрат Қаханов, сондай-ақ Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев қатысты. Жұмыс сапары барысында қонақтарға ЖОО-ның мүмкіндіктері мен артықшылықтары көрсетілді. Университет кітапханасының, оқу…

Тарихи естеліктер…

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өскелең ұрпақтың рухани құндылықтарын дамыту, мұралармен танысу мақсатында 27 мамыр 2022 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының басшысы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шыңғыс Оразмухаметович  және оқытушы медицина қызметінің подполковнигі  Смаилов Нұрбек Саденовичтің бастауымен 7 взвод курсанттары «Радиотехника және байланыс» колледжінің Байланыс мұражайын тамашалады. Мұражайды аралау кезінде  19-…

Шын жүректен жасалған игі істер

Семей Медицина университетінің’ ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары мен Стоматология мамандығының 1-ші курс студенттері 1-ші маусым балаларды қорғау күніне орай қаламыздағы көпбалалы отбасына барып қайтты. Олар сол отбасына сыйлықтар әкеліп, осындай мейрамда балаларды қуантып, ата – аналарына жылы сөздерін айтып демеді. Қиналғанға қол созу – адамгершіліктің белгісі.…

Балаларды қорғау күніне орай

Балалар стоматология кафедрасы және «Салауатты күлкі» мектебі өкілдерімен 1 маусым «Балаларды қорғау» күніне орай № 25 мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында кафедра ассистенттері балаларға ауыз қуысы күтімі жайлы насихаттады. Тақырыпқа байланысты сыйлықтар үлестірілді. Мектеп ұстаздары жүргізілген іс-шараларға ризашылығын білдірді. Балалар стоматология кафедрасы барлық балаларға денсаулық, бақытты балалық шақ және маржандай көркем күлкі тілейді.[vc_row dt_title=””…