Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

 

Білім беру бағдарламасының миссиясы

7R01123 – «Балалар хирургиясы» мамандығының дипломнан кейінгі деңгейдегі білім беру бағдарламасының миссиясы әлемдік озық білім беру тәжірибесін , ғылым мен клиниканы интеграциялау арқылы Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға жәрдемдесу мақсатымен сапалы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Балалардағы хирургиялық ауруларды емдеуде дербес кәсіби қызметке қабілетті және дайын, әмбебап білімдер мен кәсіби құзыреттіліктер жүйесіне ие маман-балалар хирургын дайындау.

 

Біліктілігі

Балалар хирург дәрігері.

 

Үміткерлер үшін пререквизиттер

«Жалпы медицина» мамандығы, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы бойынша базалық медициналық білім.