Білім беру бағдарламасының миссиясы
Медициналық көмек көрсетуде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, медициналық тәжірибеде озық инновациялық технологияларды қолдана алатын және дамытатын, ғылым жетістіктерін қолдана алатын, халықтың денсаулығын нығайта алатын жоғары кәсіби дерматовенерологтарды дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Ересектер, балалар дерматовенерологиясы мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті дерматовенеролог дәрігерлерді даярлауды қамтамасыз ету.
Біліктілігі
Ересектер, балалар дерматовенеролог дәрігері (оқу мерзімі: 2 жыл).
Үміткерлер үшін пререквизиттер
Базалық медициналық білім, «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.