Білім беру бағдарламасының миссиясы
Денсаулық сақтау жүйесі үшін 7R01120 «Ересектер, балалар эндокринологиясы» мамандығы бойынша әлемдік қоғамдастықтың талаптарына сәйкес ғылыми білімдерін үздіксіз жетілдіру және интеграциялау, өз бетінше кәсіби қызметке қабілетті және дайын жаңа буынның бәсекеге қабілетті білікті дәрігерлерін дайындау. Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Эндокринолог (ересек, балалар) ретінде өз бетінше жұмыс істеу үшін медициналық мамандардың сапасына заманауи талаптарға сай келетін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.
Біліктілік
Ересектер, балалар эндокринолог дәрігері (оқу мерзімі: 2 жыл).
Резидентураның білім беру бағдарламасын меңгергісі келетін тұлғалардың бұрынғы білім деңгейі
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша негізгі медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатура.