Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

 

Білім беру бағдарламасының миссиясы

Білім, ғылым және клиниканың ең үздік әлемдік тәжірибесін интеграциялау арқылы бәсекеге қабілетті акушер-гинекологтарды сапалы даярлау.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ересектер, балалар акушерия және гинекологиясы мамандығы бойынша дербес жұмыс істеу үшін медициналық мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

 

Біліктілік

Ересектер, балалар акушер-гинеколог дәрігері (оқу мерзімі: 3 жыл).

 

Резидентураның білім беру бағдарламасын игергісі келетіндердің білім деңгейі

Негізгі медициналық білім, «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтары бойынша жоғарғы медициналық білім, интернатураның болуы.