Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

 

Білім беру бағдарламасының миссиясы

Диагностика мен емдеудің халықаралық стандарттарын пайдалана отырып,үздіксіз білім беру жолымен ҚР халқының денсаулығын жақсартуға жәрдемдесіп, өз бетінше жұмыс істей алатын ересектер мен балалардың ангиохирургиясы бойынша жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты стационар мен амбулатория жағдайында кең таралған ангиохирургиялық аурулары бар пациенттерді өз бетінше толық көлемде курациялауға және емдеуге, сондай-ақ сирек кездесетін ангиохирургиялық бұзылуларды диагностикалауды жүзеге асыруға қабілетті “ересектер, балалар ангиохирургиясы” бейіні бойынша маман даярлау болып табылады.

 

Біліктілік

Ересектер, балалар ангиохирург дәрігері (оқу мерзімі: 4 жыл).

 

Үміткерлерге арналған пререквизиттер

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін адамдардың алдыңғы білім деңгейі-базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.