Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

 

Білім беру бағдарламасының миссиясы

Медициналық жағдайларда, оның ішінде Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын жақсартуға жәрдемдесетін сауықтыру көмегін көрсететін санаториялық-курорттық ұйымдарда өз бетінше жұмыс істеу үшін барлық қажетті құзыреттер мен дағдыларға ие бәсекеге қабілетті реабилитолог дәрігерді даярлау.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Медициналық жағдайларда, оның ішінде сауықтыру көмегін көрсететін санаториялық-курорттық ұйымдарда өз бетінше жұмыс істеу үшін барлық қажетті құзыреттер мен дағдыларға ие бәсекеге қабілетті реабилитологты дайындау.

 

Біліктілік

Ересектер, балалар физикалық медицина және оңалту дәрігері (оқу мерзімі: 2 жыл).

 

Резидентураның білім беру бағдарламасын меңгергісі келетін тұлғалардың бұрынғы білім деңгейі

Базалық медициналық білім, «Жалпы медицина», «ЖТД», «Педиатрия», «Хирургия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім интернатура.