Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

 

Білім беру бағдарламасының миссиясы

«Ересектер, балалар неврологиясы» білім беру бағдарламасының миссиясы – жүйке жүйесінің патологиясымен айналысатын халыққа медициналық көмектің толық көлемін орындауға қабілетті білікті маман даярлау.

Науқас-орталықтанған тәсіл принципіне сүйене отырып, алынған білім, білік және дағды резидентура түлектеріне БЖМК, стационардың неврологиялық бөлімшесі жағдайында және қажет болған жағдайда шұғыл көмек, қарқынды терапия, оңалту бөлімшелерінде дербес, сондай-ақ мультидисциплинарлық бригада құрамында кәсіби жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Білім, ғылым және клиниканың үштұғырлылық қағидатына сүйене отырып, невролог дәрігерлер нәтижелерді жариялай отырып, ғылыми зерттеуді жоспарлауға, жүргізуге, өз тәжірибесін медициналық қоғамдастыққа беруге қабілетті болады.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

«Ересектер, балалар неврологиясы» мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін дәрігер мамандардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

 

Біліктілігі

Ересектер, балалар невролог дәрігері (оқу мерзімі: 2 жыл).

 

Үміткерлер үшін пререквизиттер

Негізгі медициналық білімі, «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, интернатураның болуы.