Білім беру бағдарламасының миссиясы
Өз біліктілігі шеңберінде жүйке жүйесінің патологиясы бар халыққа медициналық көмектің толық көлемін орындауға қабілетті білікті маман даярлау.
Пациент-орталықтанған тәсіл принципіне сүйене отырып, алынған білім, білік және дағды резидентура түлектеріне БМЖП, стационардың нейрохирургиялық бөлімшесі жағдайында дербес, сондай-ақ мультидисциплинарлық бригада құрамында кәсіби жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.
Білімнің, ғылымның және клиниканың үштұғырлығы қағидатына сүйене отырып, нейрохирург дәрігерлер ғылыми зерттеуді жоспарлап, нәтижелерін жариялай отырып жүргізе алады, өз тәжірибесін медициналық қоғамдастыққа бере алады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Ересектер, балалар нейрохирургиясы мамандығы бойынша жеке дара жұмыс істеу үшін дәрігер мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.
Біліктілігі
Ересектер, балалар нейрохирург дәрігері (оқу мерзімі: 4 жыл).
Үміткерлер үшін пререквизиттер
Негізгі медициналық білімі, «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, интернатураның болуы.