Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының миссиясы

ЛОР мүшелерінің патологиясы бар ересектер мен балаларға өз бетінше толық көмек көрсете алатын білікті, бәсекеге қабілетті жаңа буын дәрігерлерін дайындау.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Өз бетінше жұмыс істеу үшін медициналық мамандардың сапасына заманауи талаптарға сай келетін білікті, бәсекеге қабілетті Ересектер, балалар оториноларингологиясы мамандығы бойынша кадрларды дайындау.

 

Біліктілігі

Ересектер, балалар оториноларинголог дәрігері (оқу уақыты 3 жыл).

 

Үміткерлер үшін пререквизиттер

Негізгі медициналық білім, жоғары медициналық білім, хирургиялық бейіндегі клиникалық мамандықтар бойынша интернатура және жалпы дәрігерлік практика.