Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

 

Білім беру бағдарламасының миссиясы

Резидентура мамандығының білім беру бағдарламасы 7R01128 «Ересектер, балалар шұғыл медицинасы» денсаулық сақтау саласындағы негізгі аспектілерді, жаһандық жағдай және денсаулық сақтау тенденциялары білетін, ауданда медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті, шұғыл медициналық көмек саласындағы дәрігерлік практикада озық инновациялық және ғылым технологияларды, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданатын және дамытатын, тұрақты өзін-өзі жетілдіретін және халықтың денсаулығын нығайтатын жоғары кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ересек, балалар шұғыл медицинасы мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін маман дәрігерлердің сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

 

Біліктілік

Ересектер, балалар шұғыл медицина дәрігері (оқу мерзімі: 3 жыл).

 

Резидентуралық білім беру бағдарламасын игергісі келетін адамдардың алдыңғы білім деңгейі

Негізгі медициналық білім, мамандық бойынша жоғары медициналық білім «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия», интернатураның болуы.