Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

 

Білім беру бағдарламасының миссиясы

7R01146 «Ересектер, балалар урология және андрологиясы» мамандығының білім беру бағдарламасының миссиясы урологиялық ауруларды емдеуде дербес кәсіби қызметке қабілетті және дайын әмбебап білім мен кәсіби құзыреттілік жүйесі бар урология, андрология бойынша білікті маман дәрігерді даярлау жолымен университет миссиясын іске асыруға бағытталған.

 

Білім беру бағдарламасының міндеттері

  1. Урологиялық пациенттерге көмек көрсету үшін қажетті кәсіби білім мен практикалық дағдыларды игеру;
  2. Урологиялық патологияның әртүрлі бөлімдерінде және байланысты мамандықтарда бағдарланған білікті дәрігердің клиникалық ойлауын қалыптастыру;
  3. Урологиялық кабинеттер мен емханаларда, урологиялық ауруханалар мен клиникалардың бөлімшелерінде уролог – дәрігердің кәсіби деңгейін және дербес дайындығын арттыру.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Урология және андрология (ересектер, балалар)мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін маман дәрігерлердің сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

 

Біліктілігі

Ересектер, балалар уролог-андролог дәрігері (оқу мерзімі: 3 жыл).

 

Үміткерлер үшін пререквизиттер

Базалық медициналық білім, «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.