Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының миссиясы

Кәсіби компетенциялардың заманауи талаптарына жауап беретін, білім, ғылым мен тәжірибенің үштік бірлік принциптеріне негізделген, стационар мен амбулатория жағдайында ересектер мен балаларға тән асқорыту жүйесінің жиі кездесетін аурулары бар пациенттерге өздігінен толық көлемде курацияға қабілетті, сонымен қатар асқорыту жүйесінің сирек кездесетін аурулардың диагностикасын жүзеге асыра алатын компетентті, квалифицияланған, бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындығын жетілдіру.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы мамандығы бойынша өздігінен жұмысқа арналған дәрігер мамандардың сапасының заманауи талаптарына жауап беретін квалифицияланған, бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындау.

 

Біліктілігі

Ересектер, балалар гастроэнтеролог дәрігері (оқыту мерзімі: 2 жыл).

 

Үміткерлер үшін пререквизиттер

Базалық медицина білімі, «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтары бойынша жоғары медицина білімі, интернатураның болуы.

 

 

 

Сіздерді 7R01104 мамандығы бойынша «Гастроэнтерология ересектердің, балалардың» мамандығы бойынша резидентуралық оқуға шақырамыз

 

Мамандық 2019 жылғы білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттікпен аккредиттелген.

 

Клиникалық базалар: СМУ КеАҚ Университеттік ауруханасы (аурухана, емхана, балалар бөлімі)

 

«Гастроэнтерологтың ғылыми мектебі» шеңберіндегі зерттеу бағыты

 

Құрметті интернатура түлектері!
Сіздерді 7R01104 мамандығы бойынша «Гастроэнтерология ересектердің, балалардың» мамандығы бойынша резидентуралық оқуға шақырамыз

Оқу мерзімі – 2 жыл.

Мамандық 2019 жылғы білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттікпен аккредиттелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының болжамы бойынша Гастроэнтерологияны зерттеудің өзектілігі, ХХІ ғасырдың ортасына қарай қазіргі заманғы адамның өмір салты (стресс, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділік, жаман әдеттер), қоршаған ортаның ластануы, тамақтануда сапасыз және гендікмодифицирленген тағамдардың үлесі асқазан ауруларының дамуында жетекші орындардың бірін алады.

«Гастроэнтерология ересектердің, балалардың» мамандығы бойынша резидентураны оқыту бағдарламасы дәлелді медицинаның заманауи қағидаларына сәйкес пациентке мамандандырылған гастроэнтерологиялық көмек көрсетуге дайын бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған.

Факультеттік терапия кафедрасы резидент гастроэнтеролог мамандарын даярлауға жауапты негізгі құрылымдық бөлім болып табылады.Оқытушылар құрамы (профессор Жұмаділова З.К., доцент Қасқабаева А.Ш., доцент Шаханов Т.Е.) жоғары санатты дәрігерлер болып табылады. Кафедрада гастроэнтерологтыың ғылыми мектебі аясында ғылыми жұмыстар жүргізіледі. «Гастроэнтерологтар мектебі» оқу апталығы аясында мастер-кластар мен семинарлар өткізіледі.

Клиникалық база «СМУ» КеАҚ Университет госпиталінде орналасқан – көпсалалы клиникалық база, өзінің клиникалық базасы бар, онда ризиденттердің клиникалық оқыуы жүзеге асырылады. Клиникалық базалардың бірі – гастроэнтерологиялық бөлім, 1983 жылы құрылған, 40 кереуетке орналастырылған, асқазан-ішек жолдары және гепатобилиарлы жүйенің патологиясы бар науқастарға мамандандырылған көмек көрсетіледі, сонымен қатар параклиникалық қызметтері бар: биохимиялық, ИФА/ПЦР бактериологиялық зертханалық, эндоскопиялық зерттеулер жүргізіледі. УГ кеңестік-диагностикалық ұызмет: хирург, инфекционис жүргізіледі.

 

Оқу аяқталғаннан кейін резидент гастроэнтеролог келесі жұмыстарды жүргізуге қабілетті:

  1. Асқорыту жүйесінің анатомиялық және физиологиялық сипаттамалары туралы; патофизиология, патоморфология, рационалды фармакотерапия мәселелері және гастроэнтерологиялық сипаттағы аурулардың дәлелді медицинасы бойынша білімдерін көрсету.
  2. Гастроэнтерологиялық ақаулары бар науқастарды анықтау, емдеу, алдын алу, медициналық оңалту және динамикалық бақылауды жүргізу.
  3. Өмірге қауіпті жағдайда жедел көмек көрсету.
  4. Медициналық құжаттаманы заңнамада белгіленген мамандық бойынша рәсімдеу.
  5. Науқас үшін жақсы нәтижеге жету үшін пациентпен, оның қоршаған ортасы денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара қызмет көрсету.
  6. Кәсіби әдебиеттерді сыни бағалау, күнделікті қызметінде халықаралық мәліметтер базасын тиімді пайдалану және ғылыми-зерттеу тобының жұмысына қатысу қабілеттерін көрсету.

 

Біз сіздерді резидентураға түсу емтиханында күтеміз.