Білім беру бағдарламасының миссиясы
7R01118 «Ересектер,, балалар кардиохирургиясы» мамандығы бойынша ББ миссиясы диагностика мен емдеудің халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, үздіксіз білім беру арқылы ҚР халқының денсаулығын жақсартуға жәрдемдесетін, өз бетінше жұмыс істей алатын ересектер, балалар кардиохирургиясы бойынша жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
Білім беру бағдарламаның мақсаты
Білім беру бағдарламаның мақсаты стационар мен амбулатория жағдайында кең таралған кардиохирургиялық аурулары бар пациенттерді өз бетінше толық көлемде курациялауға және емдеуге, сондай-ақ сирек кездесетін кардиохирургиялық бұзылуларды диагностикалауды жүзеге асыруға қабілетті «Ересектер, балалар кардиохирургиясы» бейіні бойынша маман даярлау болып табылады.
Біліктілігі
Ересектер, балалар кардиохирург дәрігері (оқу мерзімі: 4 жыл).
Үміткерлерге арналған перереквизиттер
Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін адамдардың алдыңғы білім деңгейі-базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.