Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Клиникалық фармакология мамандығы бойынша жұмыс істеу үшін дәрігер мамандарының сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін, дәрілік заттарды қолдану кезінде елеулі немесе күтпеген жағымсыз реакциялары бар, дәрілік терапияның тиімсіздігі бар пациенттерге консультация беруді және оларға жетекшілік етуді толық көлемде дербес жүргізуге қабілетті, фармакотерапияның сапасын сараптамалық бағалауды, денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарды пайдалануды бағалауды білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

 

Біліктілігі

Клиникалық фармаколог дәрігер (оқу мерзімі 2 жыл).

 

Үміткерлер үшін пререквизиттер

Базалық медициналық білім, «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.