Білім беру бағдарламасының миссиясы
Білім, ғылым және тәжірибенің үштұғырлылығы қағидаттарына негізделген, кәсіби құзыреттіліктің заманауи талаптарына жауап беретін, аурухана және амбулаторлық жағдайда ересектер мен балалар бүйрек аурулары бар науқастарды дербес толық бақылауға қабілетті құзыретті, білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды жетілдіру.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Нефролог (ересек, балалар) ретінде өз бетінше жұмыс істеу үшін медициналық мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.
Біліктілігі
Ересектер, балалар нефролог дәрігері (оқу мерзімі: 2 жыл).
Үміткерлер үшін пререквизиттер
Негізгі медициналық білім, «Жалпы медицина», «Жалпы медицина», «Педиатрия» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, ЖПД интернатурасының болуы.