Білім беру бағдарламасының миссиясы
Үздіксіз даму және білім, тәжірибе және ғылым үштігі қағидаттарына негізделген бәсекеге қабілетті және жоғары білікті отбасылық дәрігерлерді сапалы дайындау арқылы Қазақстан халқына көмек көрсетуді жақсартуға үлес қосу.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Резидентуралық білім беру бағдарламасының 7R01138 – Отбасылық медицина мамандығы бойынша мақсаты: «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша өздігінен жұмыс жасап медицина мамандарының сапасын және заманауи талаптарға сай келетін білікті, бәсекеге қабілетті отбасылық дәрігерлерді дайындау.
Біліктілігі
Отбасылық дәрігер.
Үміткерлер үшін пререквизиттер
«Отбасылық медицина» резидентурасына жоғары медициналық білімі туралы дипломы, «дәрігер» біліктілігі берілген интернатураны бітіргені туралы құжаты бар адамдар қабылданады.