Білім беру бағдарламасының миссиясы
«Педиатрия» мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін медициналық мамандардың сапасына заманауи талаптарға сай келетін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Балалар ауруханасы мен емханасында өз бетінше жұмыс істеу үшін барлық қажетті құзыреттер мен дағдыларға ие, бәсекеге қабілетті педиатр дайындау.
Біліктілік
Педиатр дәрігер (оқу мерзімі: 2 жыл).
Резидентураның білім беру бағдарламасын меңгергісі келетін тұлғалардың бұрынғы білім деңгейі
Базалық медициналық білім, «Жалпы медицина», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «ЖТД», «Педиатрия» мамандықтары бойынша интернатураның болуы.