Білім беру бағдарламасының миссиясы
Медицина ғылымы мен тәжірибесінің заманауи жетістіктеріне негізделген халықтың психикалық денсаулығын сақтау саласында білікті медициналық көмек көрсету үшін резидентурада медициналық кадрларды даярлау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Заманауи медицина жетістіктеріне сәйкес психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар ересектер мен балаларға мамандандырылған медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, медициналық практика мен ғылымда озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, халықтың психикалық денсаулығын нығайтуға қабілетті жоғары кәсіби психиатрларды даярлау.
Біліктілігі
Ересек, балалар психиатр дәрігері (оқу мерзімі: 2 жыл).
Үміткерлер үшін пререквизиттер
Негізгі медициналық білім , жоғары медициналық білім «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтары бойынша білімі, «Терапия», «Жалпы дәрігерлік практика» мамандықтары бойынша интернатураның болуы.