Білім беру бағдарламасының миссиясы
Әлемдік қоғамдастықтың талаптарына сәйкес ғылыми білімді үздіксіз жетілдіру және интеграциялау, дербес кәсіби қызметке қабілетті және дайын білікті, бәсекеге қабілетті жаңа буын дәрігерлерін даярлау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Дәлелді медицинаның халықаралық стандарттары мен қағидаттарына, емдеу-диагностикалық технологиялардың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес тыныс алу органдарының аурулары кезінде науқасқа білікті медициналық көмек көрсетуге қабілетті бәсекеге қабілетті, білікті пульмонолог дәрігерді даярлау.
Біліктілігі
Ересектер, балалар пульмонолог дәрігері (оқу мерзімі: 2 жыл).
Үміткерлер үшін пререквизиттер
Базалық медициналық білім, «Жалпы медицина», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.