Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының миссиясы

7R01115 «Радиационды онкология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының миссиясы онкологиялық ауруларды сәулелік емдеу саласында дербес кәсіби қызметке қабілетті және дайын, әмбебап білімдер мен кәсіби құзыреттіліктер жүйесі бар білікті радиационды онколог дәрігерді дайындау арқылы университеттің миссиясын жүзеге асыруға бағытталған.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

«Радиационды онкология» мамандығы бойынша дербес жұмыс істеу үшін медициналық мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

 

Біліктілігі

Радиационды онколог дәрігері (оқу мерзімі: 2 жыл).

 

Білім беру резидентурасы бағдарламасын игергісі келетін адамдардың білім деңгейінің алдыңғы деңгейі

Негізгі медициналық білім, «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғарғы білімі, интернатураның болуы.