Білім деңгейі:
Түрі: Модульдік білім беру бағдарламасы

 

Білім беру бағдарламасының миссиясы

Білім, ғылым және тәжірибенің үштұғырлылық қағидаттарына негізделген, емхана мен стационар жағдайында жұқпалы аурулары бар ересектер мен балаларға өз бетінше толық көлемде көмек көрсетуге қабілетті әлемдік қоғамдастықтың заманауи талаптарына жауап беретін құзыретті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Инфекционист (ересек, балалар) мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін дәрігер мамандардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

“Ересектер, балалар жұқпалы аурулары” мамандығы бойынша бәсекеге қабілетті, әмбебап және кәсіби құзыреттілік жүйесі бар, өз бетінше кәсіби қызметке (алғашқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл көмек), сондай-ақ мамандандырылған көмек көрсетуге қабілетті білікті мамандарды даярлау.

 

Біліктілігі

Инфекционист дәрігері (ересек, балалар, оқу мерзімі 2 жыл).

 

Үміткерлер үшін пререквизиттер

Негізгі медициналық білімі, “Жалпы медицина”, “Емдеу ісі”, “Педиатрия” мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, интернатураның болуы.