Интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны.
Келешек интерндерге арналған ақпарат
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Интернатураға «жалпы медицина», «педиатрия», «стоматология» мамандықтары бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломы бар тұлғалар қабылданады.
Интернатураға оқуға түсетін тұлғалар ағымдағы жылдың 3 шілдесінен 15 тамызына дейін университеттің қабылдау комиссиясына өтініш жібереді.
Құжаттарды үміткердің өзі немесе үміткердің нотариаттық сенімхат бойынша өкілі ұсынады.
Құжаттар қабылдау комиссиясына беріледі.
Қабылдау комиссиясы
Мекен-жай: 071400 Абай облысы, Семей қаласы,
Абай Құнанбаев көшесі, 103
Телефон: 8 (7222) 32-61-80
Email: admission@smu.edu.kz
Басқа медициналық жоғары оқу орындарынан интернатураға қабылдау мәселелері бойынша:
Дипломнан кейінгі білім беру мектебі
Email: interns@smu.edu.kz
Құжаттар тізімі
2026–2027 оқу жылына «Семей медицина университеті» КеАҚ-қа оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі
1.Жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірмесі);
2.Медициналық жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа және көшірмесі);
3.Дипломға қосымша 3 тілде (диплом қосымшасының нотариалды куәландырылған 1 көшірмесі);
4.Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түсушілер университеттің сайтындағы сілтеме арқылы өтіп, мемлекеттік грантты өтеу жөніндегі міндеттеме мен келісімді толтыруы қажет. Қол қою тәртібі бойынша нұсқаулық университеттің сайтында орналастырылған.
5.3×4 көлеміндегі фотосуреттер – 4 дана;
6.Медициналық анықтама (075-У нысаны бойынша);
7.Флюорография қорытындысы;
8.Жұмысқа жіберу рұқсаты бар санитарлық кітапша (түпнұсқа);
9.Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (егер некеде болса);
10.I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, бала кезінен мүгедектігі бар тұлғалар – тиісті құжаттардың көшірмесі;
11.Жетім балалар тиісті құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады;
12.Құжаттарды сақтау үшін бауы бар қағаз папка (скоросшиватель);
13.А5 форматындағы конверт.
Шетелдік студенттерді қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі
2026–2027 оқу жылына арналған «Семей медицина университеті»
КеАҚ-қа шетелдік студенттерді қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі
1.Бакалавриат дипломы және оған қосымша (түпнұсқа + көшірме) – 2 дана;
2.Паспорттың нотариалды куәландырылған аудармасы;
3.Паспорт көшірмесі – 2 дана;
4.Интернатурада оқу ақысын төлегені туралы түбіртек;
5.Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – 2 дана;
6.Жұмысқа жіберілгендігі туралы белгісі бар санитариялық кітапша;
7.Флюорография нәтижесі (түпнұсқа + көшірме);
8.«Гармония» емханасынан медициналық сақтандыру;
9.Өлшемі 3×4 фотосурет – 6 дана;
10.Құжаттарды сақтауға арналған баулы қағаз папка (скоросшиватель);
11.А5 форматындағы конверт.
Қабылдау комиссиясының байланыстары
Мекен-жай: 071400 Абай облысы, Семей қаласы,
Абай Құнанбаев көшесі, 103
Телефон: 8 (7222) 32-61-80, +7 747 832 74 05
Email: admission@smu.edu.kz
